Пубертат қыздар мен ұлдарға қандай ықпал етеді? Профессор Джеффри Арнетт «Adolescents and Emerging Adulthood» кітабында былай айтады.
Жыныстық жетілуге старт
Жыныстық жетілу кезіне гормон өзгерістеін тудыратын гипоталамус атты мидың негізгі зонасы старт береді. Гиполатамус біздің тамақтану әдеттерімізді, дәм ұнату, ләззат алу және жыныстық құмарлығымызды басқарады.
Процесті бастайтын — гиполатамустағы гонадотропин-рилизинг-гормонның (ГнРГ) өндірісі. Бұл гормон баланың алғашқы жасөспірімдік өзгерістеріне дейін кем дегенде 1-2 жыл бұрын өндіріле бастайды. ГнРГ организмде шамамен екі сағат сайын импульс ретінде шығады.
Уақыт келді дегенді организм қалай түсінеді? Жыныстық жетілу механизмін қоздыратын негізгі факторлардың бірі — баланың денесіндегі май мөлшері. Май жасушаларында лептин атты протеин бар. Лептиннің мөлшері белгілі бір деңгейге жеткенде, гипоталамус оны сигнал ретінде қабылдайды. Осы себепті дене салмағы төмен, арық жасөспірімдердің (ауруға байланысты, дұрыс тамақтанбайтын немесе физикалық жүктемеге тап) жыныстық жетілуі кеш басталуы мүмкін. Дегенмен, май жасушалардың саны — жалғыз фактор емес. Генетика, стресс, тамақтану және басқа да өмір сүру жағдайлары, тіпті қоршаған ортаның ластануы да маңызды рөл атқарады.

Бой ұзаруы
Жасөспірім кезінде қыздар мен ұлдардың бойы тез ұзарады. Бұл біркелкі процесс емес: дене мүшелері әртүрлі жылдамдықпен өседі. Қыздардың өсу қарқыны, ұлдарға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын басталады. Сол себепті орта және жоғары сынып оқитын қыздардың бойы жиі ұлдардан биік болады. Бірақ сонымен бірге қыздардың бойы ертерек максимумға жетіп, ал ұлдарда бұл процесс белсенді жалғаса береді. Соңында ұлдардың бойы қыздардан бәрі бір асып кетеді. Белсенді өсу барысында қыздар 9 см-ге дейін, ал ұлдардың бойы 10.5 см-ге дейін ұзаруы мүмкін.
Жасөспірімдердің ең алдымен ұзаратыны: табаны, алақаны және басы, содан кейін — аяқ-қолы. Жасөспірімдердің жүрегі белсенді түрде өседі, ал оның салмағы шамамен екі есе артады. Ұлдардың жүрегі үлкенірек болып, олардың пульс жылдамдығы да айрықша болады. 17 жасар қыздың жүрек соғу жиілігі, ұлдарға қарағанда, орта есеппен бір минутта бес соққы тезірек соғады.
Пубертат басталғанға дейін қыздар мен ұлдарда бұлшықет массаның деңгейі бірдей болады. Жыныстық жетілу кезінде жасөспірімнің денесінде май өсе бастайды, және қыздарда, ұлдарға қарағанда, көбірек жиналады. Сондықтан, жыныстық жетілу аяғында ұлдардың бұлшықет пен май пропорциясы шамамен 3:1, ал қыздарда — 5:4 болып табылады.

Жыныстық өзгерістер
Қыздар:
- Қасаға шаш өсуінің басталуы — 8-14 жас;
- Емшектің ұлғаюы — 8-13 жас;
- Менархе — 10-16.5 жас;
- Қолтық шаш өсуінің басталуы — 10-16 жас;
- Терлеу өзгеруі мен безеу шығу — 10-16 жас.
Ұлдар:
- Қасаға шаш өсуінің басталуы — 10-15 жас;
- Пенистің ұлғаюы — 10.5-14.5 жас;
- Спермархе — 12-14 жас;
- Мұрт-сақал мен қолтық шаш -12-17 жас;
- Терлеу өзгеруі мен безеу шығу — 12-17 жас.
Эстрадиол мен тестостерон жыныстық гормондары әйелдер де, ерлерде де өндіріледі. Бала кезінде бұл гормондардың деңгейі ұлдар мен қыздарда шамамен бірдей, бірақ жыныстық жетілу басталуымен баланс өзгереді. Жасөспірім орта жасына қарай бойжеткендерде эстрадиол өндірісі жыныстық жетілуге дейін — шамамен 8 есе, ал бозбалаларда — шамамен 2 есе жоғары болады. Сол сияқты, жасөспірімдердің ортасына қарай тестостерон өндірісі жігіттерде — шамамен 20 есе, ал қыздарда — шамамен 4 есе артады.





















Оставьте комментарий
Смотреть комментарии