Книга! Закажите книгу "Salem, родители"

Балалар семіздігі. Өмірдің алғашқы күндерінен бастап алдын-алу

Дүниежүзілік Семіздік Федерациясының болжамына сай, 2030 жылға қарай 5 пен 19 жас аралығындағы семіздікке шалдыққан қазақстандықтардың саны жарты миллион адамнан асады. Дәрігерлер бұның себебін, ең алдымен, дұрыс тамақтанбаудан дейді. Қазірдің өзінде біздің елімізде 5 жасқа дейінгі әрбір оныншы бала, 6 жас пен 9 жас аралығындағы әрбір бесінші бала артық салмақпен немесе семіздікпен ауырады.
Қазақстандық балалардың дұрыс тамақтанбауы, бірінші кезекте, калорияның шамадан тыс тұтынуына: көп жеп, аз жұмсауына байланысты. Екіншіден, бұл қант, тұз және транс-майларды артық тұтынудан болып отыр. Сонымен қатар, тіпті артық салмағы бар балалар да дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігін сезінеді, өйткені олардың рационында шикі көкөністер мен жемістер жетіспейді немесе тіпті жоқ

Балалар семіздігі туралы не білу керек?

  • Балалардың семіздігін эпидемиологиялық қадағалау бойынша зерттеуде (Childhood obesity surveillance initiative, COSI) балалардың семіздігі тұрғын жағдайы жоғары отбасыларда жиі анықталады.
  • Дәл сол зерттеу көрсеткендей, жарты жылға дейін және одан да ұзақ уақыт емшек сүтімен емізілген қазақстандық балалар бұл диагнозбен 2.5 есе аз ауыратындығы анықталған. Бұл дүниежүзілік клиникалық зерттеулер мен ДДСҰ ана сүтімен емізу балалардың артық салмақтылығын алдын-алудың тиімді әдісі жайындағы тұжырымын растайды.
  • Сонымен қатар, әлемде емшек сүтін алмастырғыштар немесе жасанды сүт қоспалары белсенді түрде сатылуда. Соңғы бес жылда сүт қоспалар нарығы шамамен 60% өсіп, 70.6 млрд. долларға жетті.
АНА СҮТІНЕ ЕШТЕҢЕ ЖЕТПЕС

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, қазақстандық сәбилердің тек 38% ғана 6 ай және одан да ұзақ уақыт емшекпен емізіледі, бұл баланы кем дегенде екі жасқа дейін емізу ұсыныстарына қайшы келеді. Көптеген клиникалық зерттеулер көрсеткендей, ана сүтімен емізудің әрбір қосымша айы баланың семіздікке ұшырауын 4% төмендетеді.

Жасанды қоспаларды өндірушілер тұтынушылардан нені жасырады?

  • Әйелдің сүтінде майлар микроскопиялық шарлар түрінде болып, мөлшері сиыр сүтіне қарағанда әлдеқайда аз. Сондықтан омырау сүтінің майы ерекше, құрамы мен бөлшектердің мөлшеріне байланысты, жасанды қоспалардың майына қарағанда әлдеқайда оңай сіңеді. Әйел сүтінің майын сіңіру 85-90%-ды құрайды, яғни ол баланың денесінде жиналмайды.
  • Әйел сүтінде қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының көп мөлшері бар, оның ішінде липаза деп аталады, соның арқасында омырау сүтінің майы екі сағат ішінде тез сіңеді. Басқа ешқандай сүтте мұндай компонент жоқ! Спецификалық емес липаза әсіресе асқазан-ішек жолдары жетілмеген, шала туған нәрестелерді тамақтандыру кезінде өте маңызды.

ДДСҰ ұсыныстарына сай, туылғаннан бастап 6 айға дейін сәбилерді тек емшек сүтімен емізу ұсынылады. Қазақстандағы сәбилердің үштен бірі ғана осындай тәртіппен тамақтанатындығы анықталған. Басқа жағдайларда, ата-аналар жасанды тамақтарды қолданады немесе алты айға дейін қосымша тағамдарды қосады. Қосымша тағамдарды енгізу ережелері де бұзылады. Мамандардың айтуынша, ата-аналар көбінесе еш алаңдаусыз баланы ересек үстелден пайдасыз тамақтандырады. 3 жасқа дейінгі сәбилердің тамақтануының негізі көбінесе ұн, сүт және қанты бар тағамдардан тұрады. Дұрыс тамақтанбау арқылы ересектер балаларға зиянды тамақтану әдеттерін үйретеді.

СӘБИГЕ КӨКӨНІС ПЕН ЖЕМІС ЖЕГЕНІ МАҢЫЗДЫ

Балалардың тамақтануы бойынша сараптамалық ұсыныстар

✔️ДДСҰ 2 жасқа дейін балалардың тамағында тұз, 4 жасқа дейін қант болмауы тиіс;

✔️Туғаннан бастап 6 айға дейінгі сәбилерге тек қана емшек сүтімен емізу ұсынылады;

✔️Егер арнайы медициналық көрсетілімдер болмаса, қосымша балалар тамағын енгізуді 6 айдан ерте бастауға болмайды;

✔️Баланың рационына көкөністер мен жемістерді, оның ішінде шикі жемістерді көбірек қосу;

✔️Оның рационында қанттың тәуліктік дозасын бақылау;

✔️Артық тамақтанбау;

✔️Дәрумендерді қабылдау қажеттілігі туралы дәрігермен кеңесіңіз;

✔️Дені сау бала — белсенді бала. Қалыпты ауа-райында бала таза ауада кемінде екі сағат уақыт өткізуі керек.

Дисклеймер: материалда халықаралық және ұлттық ғылыми зерттеулер негізінде ДДСҰ және ЮНИСЕФ деректері пайдаланылған. Бұл мақала семіздік пен артық салмақтың алдын алу мақсатында ерте жастағы балалардың тамақтануы туралы отбасылардың хабардарлығын арттыру үшін ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ақпараттық қолдауымен жазылған.