Жазғы кезде баламен қауіпсіз серуендеудің ережелері осы:
Аула аумағы
Астанадағы көптеген аулалар пандуста орналасқан. Биіктіктен кездейсоқ құлаудан дұрыс қорғау үшін пандус қоршаудың жұмыс күйі дұрыс болуы керек.
Ойын алаңы
Сырғанақ, баспалдақ тағы басқа жабдықтардың сынықсыз болғанына назар аударыңыз. Тесік, ойық, сынық бөлшектер жоқ болуы керек.
Көпшілік орындар
Бала сыртта, көпшілік арасында адасып қалмас үшін, балалар қарғыбауын сатып алыңыз. Қазіргі таңда балалар дүкендерінде кез-келген талғамға және бюджетке арналған модельдерді табуға болады. Қарғыбаудың ең көп таралған екі түрі бар: білезік ретінде және денеге киілетін.
ЖӘНЕ
- Жаздың күні бала далада кем дегенде екі сағат белсенді өткізу керек, одан да ұзақ болса — тіпті жақсы. Белсенді бала тез дамиды, ал оның иммунитеті күшейеді.
- Физикалық белсендіктің көп түрлері бар: серуендеу, велосипедпен жүру, достармен ойнау, спортпен шұғылдану.
- Сыртқа шыққанда күн көзінен қорғайтын крем, бас киім және қолайлы киім киюді ұмытпаңыз. Таңертең 10-нан 15.00-ге күн сәулесінің күші ең жоғары болады, сақ болыңыз.
Аман болыңыздар ❤️
Оставьте комментарий
Смотреть комментарии