2024 жылғы 23 ақпанда Қазақстанда құрылыс салушыларды терезелерге баланы қорғау құлыптарын орнатуға міндеттейтін заңнамалық норма қабылданды. Заң жылдың сәуір айының соңында күшіне енуі тиіс. Осы уақытқа дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қолданыстағы «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі» Техникалық регламент жаңартады деп күтілуде.
Құрылыс компанияларды терезелердегі қорғаныс құлыптары орнатуға міндеттеу — бұл ұсынысты мен бірнеше жыл бойы барлық деңгейде, соның ішінде 2022-2023 ж.ж. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі ретінде қорғадым.
Заң жобасымен жұмыс өткен жылы басталды, әзірлеу жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтары жөніндегі комитеті белсенді қатысты. Мәжіліс депутаты ретінде Парламент қабырғасында заң жобасына қолдау көрсеткен Оқу-ағарту экс-министрі Асхат Аймағамбетовке, сондай-ақ баланы қорғау құлыптары бойынша норманы қабылдауға қолдау көрсеткен барлық комиссия әріптестеріне алғысымды білдіремін.
ЖАҢА ЗАҢ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ӘКЕЛЕДІ?
- Заң күшіне енгеннен кейін және регламент жаңартылған соң, мемлекеттік органдар ғимаратты пайдалануға беруге рұқсат берер алдында балаларды қорғау құлыптарының болуын тексеруге міндетті. Ал заң бұзушылар жауапқа тартылады
- Менің негізгі ұсынысымда баланы қорғау құлыптар қабатына қарамастан барлық пәтерлерде және барлық тұрғын бөлмелерде орнатылуы керек деген идея болды. Бірақ де-юре бұл мәліметтер заңнамада анықталмаған. Сондай-ақ, терезелерден басқа балкондардың бар екенін ұмытпаңыз. Жаңартылған Регламент қандай болатынын күту керек. Бұл «терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуі» туралы айтылған Заңнмен салыстырғанда, қосымша нақты түсініктемелер де береді деп үміттенемін. Айта кетейін, қазіргі Регламентте норма одан да жалпы тілмен жазылған. Бүгінгі құжатта терезенің конструкциясы «қауіпсіз жұмыс істеуін және адамдардың терезе саңылауларынан кездейсоқ құлап кетуіне жол бермеуі» қамтамасыз етуі туралы айтылған, қосымша мәліметтер бұл жерде берілмеген. Сондықтан мамыр айына дейін күтіп, бүкіл процестің іс жүзінде қалай болатынын көруді ұсынамын.
- Жаңа заң ата-аналарды балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетінен босатпайды. Бұл — отбасылардың қауіпсіздігін қолдауға қосымша шара, оны түсіну қажет.
- Есіңізде болсын, терезелер мен балкондардың маңызды функцияларының бірі — өрт және үйдегі басқа да төтенше жағдайлар кезінде қосалқы шығу жолы. Сондықтан олар қажет болған жағдайда оңай және тез ашылуы керек. Балалар қауіпсіздігі маман ретінде, мен торларды тек балконға орнатуды ұсынамын.
Ал өзіме келесі қойып отырған мақсатым — Қазақстан перзентханаларында ата-аналарға арналған нәресте қауіпсіздігі бойынша міндетті курсты енгізуге қол жеткізу.
Аман болыңыздар ❤️
Динара Құсаин, бала қауіпсіздігі және отбасын дамыту сарапшысы, MSc in Family and Human Development.
Балалы үй қауіпсіздігі туралы қосымша осында оқуға болады: ас үй, ванная және қонақ бөлмесі.
Оставьте комментарий
Смотреть комментарии