Книга! Закажите книгу "Salem, родители" +77025278382

Баламен порнография туралы қалай сөйлесуге болады? 9-11 жас.

Порнография деген — жыныстық қозуды тудыру мақсатында сексуалдық сипаттағы материалдар. Порнографиялық контент балаларды ыңғайсыз сезіндіріп, ойын шатастырып, көніліңе әсер етуі мүмкін. Мамандардың пікірінше, ақпараттық әңгіме өткізуге баланың оңтайлы жасы — 9-11 жас. Бірақ шешім қабылдау үшін басқа факторларды да ойластыру қажет: балаңыздың жетілу деңгейі, оның интернеттегі белсенділігі мен гаджеттерді пайдалану деңгейі т.б. Баламен ашық, сенімді сөйлесу – бұл порнографияның әсерінен қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Сізбен сөйлесу барысында балаңыз маңызды сұрақтарға жауап алып, керекті ақпаратты түсінуге көмектеседі.

Порнографиялық материалдардың көпшілігі бұрмаланған хабарламаларды алып жүреді және жыныстық қатынас туралы жалған түсініктер қалыптастырады.

МЫСАЛЫ

  • Өзара келісім мен қауіпсіз секс маңызды емес;
  • Сексуалдық зорлық-зомбылық тартымды – бұл норма;
  • Махаббат маңызды емес;
  • Әйелдерге қатысты агрессивті мінез-құлық — бұл норма;
  • Әйелдің құқығын сыйламайтын жыныстық қатынас — бұл норма.

БҰЛ НОРМА ЕМЕС!

Жасөспірімдерге порнографияны жиі қарау секс пен сексуалдық қатынас жөнінде теріс ұғым тудыруы мүмкін. Бұл болашақта өзара келісім мен сыйластық негізінде дұрыс қарым-қатынас бастап, жұп құруға кедергі келтіруі мүмкін. Алғашқы әңгімені балаңызбен кинода, теледидарда немесе YouTube-те не көргенін талқылаудан бастауға болады. Сондай-ақ, баламен жеке қарым-қатынас, секс, Интернеттегі кибер-қауіпсіздік туралы сөйлескенде порнография тақырыбын қозғауға болады.

Баламның сұрағына қалай жауап беремін?

Сіздер үшін қолжетімді Ыңғайсыз сұрақтар чек-листті дайындап қойдым. ОСЫНДА жүктеп, қабыл алыңыз.