Сатпаев қаласында бес жасар бүлдіршіннің зорланған туралы хабар ата-аналарды сөзсіз қалдырды. Ащы шындық осы — педофилия елімізде үлкен проблемаға айналған мәселе. Бұл мақалада балалардың сексуалды қауіпсіздігі жөнінде кеңестер берілген.
Бас прокуратураның ақпараты бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда 1600 педофил сот шешімімен камаулы отыр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, әр апта сайын кем дегенде үш бала зорланған, 14 бала — жыныстық сипаттағы қылмыстардың құрбаны болған. Бұл сандар заңды іс қозғалған оқиғаларды көрсетеді, сонымен қоса көптеген істер анықталмай, тіркелмейді, статистикаға кірмеген.
Заңға қайшы келетін және шектеу сексуалды әрекеттердің бірнеше түрлері бар. Кәмелет жасына толмаған баламен жыныстық қатынастан басқа оған кіретіндер — балаға порнография көрсету, баланы порно суретке немесе видеоға түсіру, баланың көзінше жыныстық қатынас жасау, баланың жыныстық мүшелерін ұстау немесе балаға өзінің жыныстық мүшелерін ұстатұ немесе көрсету, баланы жалаңаштау немесе оның көзінше жалаңаштану.
Кәмелет жасына толмаған ұл мен қыздар жөнінде сексуалды әрекеттер жасауға заңмен тыйым салынған. Жас баламен секс болғаны анықталса, қылмыскерлер жиі зорлық болған жоқ, бала келісімін берді деп өзің ақтай бастайды. Бірақ не болса да, бұл әрекет — қылмыс, ал бала — құрбан болып саналады.
Зорлық пен жыныстық сипаттағы қылмыстарды дәлелдеу Қазақстанда өте қиын. Елімізде Немолчи құқық сақтау ұйымының хабарламасы бойынша, ата-аналарға қанша көмектескісі келсе де, баланың денесінде іздер қалмаған жағдайда, ұрық қалдықтары анықталмаса, тергеу дұрыс жүргізілмейді. Айыпталушы, дәлел жоқ, деп жиі ақталады. Осындай өкінішті және қауіпті жағдайға сөз жоқ. Мемлекеттік емес ұйымдар, ата-аналар, әйелдер заңға қашан өзгерістер енгізіледі деп үміттеніп отыр.
Үш ереже
Осындай жағдайда балаларымызды зорлықтан қалай сақтаймыз? Ата-аналармен ең басты қауіпсіз тәртіп ережелерімен бөлісемін.
1. Мектеп жасына жетпеген балаларды қараусыз көшеге жібермейміз;
2. Баланың достары болғанына, сыртта бір топ көпшілікте жүргеніне тырысамыз;
3. Балаға мұқият қараймыз, қауіпті белгілерге назар аударамыз.
Қауіпті белгілер
- Баланың іші ауырып, отыруға, жүруге қиналады;
- Баланың іш киімі жыртылғаны анықталған, киімдерінде қан қалдықтары бар;
- Баланың жыныстық мүшелері қанайды, ауырады, қышиді, немесе жыныстық мүшелерінде инфекция анықталған;
- Бала уйыктағанда, жиі шошып ояна бастайды. Жасы есейсе де, түнде төсегіне несеп шығаратын болды;
- Бала мастурбация әрекетін жиі жасайды, секс туралы көп сөйлей бастайды;
- Баланың тәртібі бұзылып, агрессия пайда болды. Мектепте бағалары кенеттен төмендейді, немесе мектепке бармайды;
- Балада депрессия, суицид талаптары анықталған.
Аталмыш белгілер зорлық қылмыстың тікелей дәлелі емес, олар балада үлкен стресс бар екендігін, көмек керектігін дәлелдейді. Осы стресстің түбірін табу — талабыңыз болсын. Егерде осындай жағдай көзіңізге түссе, баламен ашық сөйлесу қажет.
Қылмыскерлердің сүйікті тәсілдері
- Жүр, мысық/күшікті көрсетемін, тәтті, балмұздақ сатып алып беремін;
- Үйге дейін нәрсемді апаруға көмектесіп жібер;
- Шантаж. Сенің жаман ісінді білемін, ата-анаңа айтып беремін немесе интернетке жазамын/жүктеймін. Немесе, сен өзің келістін, ата-анаңа айтып беремін, сенің осындай жаман екендігін білетін болады;
- Қорқыту. Ата-анаңа айтып қойсан, оларды қауіп-қатерге ұшырасын.
Бала мен ата-анасының арасында сенімдік сезімі болғаны өте маңызды. Өкінішке орай, елімізде кейде балалар бәрінен де өз ата-анасынан қорқады. Ал негізі анасының қасында бала өзін ең қауіпсіз жерде сезінген болуы керек. Соңды ашық түрде барлық алаңдатын мәселелерімен бөлісе алады.
Жыныстық сауаттылық тағы бір маңызды фактор болып табылады. Жыныстық сауаттылық жөнінде ақпаратты балаларға ең кішкентай жасынан ұсыну керек, жасына және даму деңгейіне сай мәнерде. Жыныстық сауаттылық тек секс талқылайтын тақырып деген — қате ой. Жыныстық сауаттылық адамның физиологиясын, өз денесі туралы білімді, жеке дербес шектерді қою, ЖОҚ айтуға, тағы басқа қауіпсіздік ережелерін үйретеді.
Сексуалды қауіпсіздік жөнінде қосымша ақпарат «Salem, родители» кітабымда жазылған.
Оставьте комментарий
Смотреть комментарии