Книга! Закажите книгу "Salem, родители" +77025278382

Ұялы телефонның сәбиге қаупі бар ма?

Ұялы телефондар мен гаджеттер адамзат өмірінің қажетті құралдың бірі болып табылады. 2019 жылы әлемде 5 миллиардтан астам ұялы телефон пайдаланушылары болатын. Олардың ішінде балалар да бар. Ғалымдар мобильді құрылғылардың адам денсаулығына техногенді әсерін белсенді зерттеуде. Мысалы, 2010 жылдан бастап мобильді құрылғылардың адамға және қоршаған ортаға әсерін талдайтын ең ауқымды дүниежүзілік зерттеу басталды. COSMOS зерттеуіне 300 000-нан астам адам қатысуда.

Ғылыми тұрғыдан мобильді құрылғының бала денсаулығына әсері қандай?

2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігі (IARC WHO) радио жиіліктегі электромагниттік өрістің онкология ауруларының дамуына әсері болуы «мүмкін» деп жариялады. Бірақ нақты дәлел әлі табылмаған.
Сонымен қатар, ғалымдардың айтатыны: смартфонның қолданысқа енгеніне көп уақыт бола қоймаған (смартфон ойлап табылғаннан бері адам телефонды қолдан түсірмейтін болды), сондықтан нақты нәтижеге келу үшін толық дәлелдер әлі жиналып үлгермеген.

Ал бүгінгі таңда дәлелі бар ғылыми мәліметтер:

  • Телефонды қолдану балаға кері әсерін тигізеді, өйткені, өздері кішкентай болса да, сәулелену дозасын ересектермен тең алып жүр.
  • Американдық педиатрия академиясының мәліметі бойынша, ересек адаммен салыстырғанда, баланың бас миына сәулелену дозасы Х2(!) артық, ал сүйек миына Х10 (!) артық жұғады.
  • Балалардың органдары мен сүйегінің сырты жұқа әрі кішкентай болғандықтан, сигнал көзі миға дейін тезірек жетеді.

Оған қоса!
Корей ғалымдары жақында смартфон қолдануы баланың СДВГ (ADHD) синдром дамуына әсер ететінін мәлімдеді. Дегенмен, бұл ғылыми нәтиже басқа елдерде де зерттеліп, дүниежүзінде дәлелденуі қажет. Әлемде қазіргі таңда ғалымдар «цифрлік аутизм» дертін де танып жур.

РАДИАЦИЯ МА ӘЛДЕ?

Енді мобильді аппарат радиация сәулесін бере ме, соны тексерейік. Ең басты «радиация» терминінен бастайық. Ағылшын және латын тілдерінде «радиация» (radiation/radialis) «сәуле шығару» деген мағынаны білдіреді, демек, кез келген сәуле түріне айтылады.
Ал қазақ, орыс тілдерде радиация деген — иондаушы сәулелену (көздері: радиоактивті және термоядролық реакциялар, рентген сәулелері, ғарыштық сәулелер т.б.). Бар шатасу осыдан шығып тұр.
Ұялы телефоннан шығатын сәулелер иондаушы емес. Бұл кез келген электр құралдарының сәулесімен, күн сәулесімен, радио және ТВ, ультрафиолет пен инфрақызыл сәулесімен бірдей болып табылады. Иондаушы сәулелермен салыстырғанда осы толқындарда радиоактивті бөлшектер пайда болмайды.
Далада әрқашан да табиғи радиофон бар, бұл да норма. Жай сөзбен айтқанда, телефон сәулесі радиация тудырмайды.

ТЕЛЕФОН ПАЙДАЛАНУ ГИГИЕНАСЫ

Ең басты ереже — телефонды сирек қолдану (иә, білемін, қиын аха). Ал гигиена сақтамайтындар не істейді?

  • Телефонды жастықтың астына қойып ұйықтады;
  • Денесіне жақын ұстап жүреді;
  • Балаға жиі ұстатады.

Жиілігі төмен сигнал ұялы телефон сәулесінің негізін қалайды. Бұл жиілік адамның миының жиілігіне сәйкес. Бірақ, телефон шалып, байланыс орнатылған кезде сәулелену одан сайын күшейеді. Толқындардың үлкен дозасы расымен адам денсаулығына зиян келтіреді.

СОНДЫҚТАН

  • Звондағанның орнына хабарлама жазған дұрыс. Ал телефон арқылы сөйлескенде спикерфон немесе Bluetooth-гарнитурасын қолданған дұрыс.
  • Сөйлесу барысында құралды бастан 2-3 см. әрі ұстаған дұрыс.
  • Жалпы телефонды денеге (әсіресе төске, ішке) жақындатпай ұстаған жөн. Ең тиімдісі — сумкаға, арнаулы салғышқа салып жүру.
  • Ұзақ видео көремін деп жоспарлағанда, оны алдын ала жүктеп, АВИА/ҰШАҚ режимінде қараған жөн. Бұл режимде аппараттың жүйе іздеу режимі сөніп тұрады, демек сіз артық сәулелендіруден сақ боласыз. Айтпақшы, осы мақаланы да АВИА режимде жазып отырмын.
  • Жүйе сигнал деңгейін бақылап жүріңіз. Неғұрлым мобильді жүйесі төмен болса, соғұрлым телефоныңыз сәулесін күшейтіп, сыртта антеннаның сигналын іздеп, көбірек сәуле шығарады. Автокөлік, лифт, пойыз, автобуспен жүргенде телефонмен сирек қолдануға (Bluetooth болмаса) тырысыңыз. Себебі, телефон металл қабырғалардың ар жағында сигнал ұстау үшін, күшін өсіреді демек сәуле толқындар күші де өседі.
  • Сол себепті ұшақта отырғанда телефонды өшіріп немесе оны АВИА /ҰШАҚ режиміне қосу қажет. Өйткені сіздің гаджетіңіз әуеден мобильді жүйені сәтсіз іздеу барысында сізге және көрші орында отырған жолаушыға сәулелену дозасын жаппай төгеді.
  • Ересектерге қарағанда, телефон сәулесі балаларға қаттырақ әсер ететені дәлелденген. Сондықтан балаға телефонынды бермес бұрын оны АВИА/ҰШАҚ режимге қосыңыз.

Телефон ойын-сауық құралы емес екенін ұмытпаңыз (иә, білемін, қиын аха). Аман болыңыздар!

P.S. Гаджеттер мен цифрлік контенттің бала дамуына әсері туралы толығырақ менің «Salem, родители!» кітабымнан оқуға болады. Тапсырыс +77018167706 нөмір арқылы жасап, немесе онлайн түрде сатып алуға болады.